АҚТӨБЕДЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынға “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова, атқару комитетінің мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Күн тәртібінде Темір аудандық кәсіподақ ұйымдарында еңбек занамасының орындалуына қоғамдық бақылау және құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру, Алға және Қарғалы аудандық кәсіподақ ұйымдарында облыстық Атқару комитетінің қаулыларын және өздерінің шешімдерін бақылау, орындау жөніндегі жұмыс жағдайы, Ақтөбе өнеркәсіптік-технологиялар және басқару колледжі мен Ш.Берсиев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі жұмысы талқыланды.
- Кәсіподақ ұйымдары әрдайым кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға тиісті көмек көрсетуге дайын. Әлеуметтік әріптестік салалық келісімдер, ұжымдық шарттарды басшылыққа ала отырып, білім бөлімдері мен кәсіподақ ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттері білім саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, олардың қалыпты еңбек жағдайын жасауға бағытталған. Келісім аясында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, бүгінгі таңда аса маңызды болып табылатын педагогтердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек мәселесін шешу, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстар әлі де жалғасады, -дейді кәсіподақ төрағалары.
Өз кезегінде ұйым заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай кәсіподақ төарағаларына уақытылы қоғамдық бақылау жүргізіп, білім беру ұйымдарындағы ашықтықты сақтауды тапсырды. Одан кейін ұйым маманы Айжарық Серімбетов кәсіподақ көшбасшыларына әлеуметтік желідегі жұмыс парақшаларын белсенді жүргізу және кәсіподақ жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғамдық ұйымының оң имиджін қалыптастыруға назар аудару қажеттігі туралы айтты.
Атқару комитетінің отырысында басқа да бірқатар мәселелер қаралды. Жиын соңында жаңа оқу жылына жүктелген міндеттер нақтыланып, тиісті қаулылар қабылданды.
Жоспарланған сұрақтардың барлығы қаралып, тиісті қаулы қабылданған соң облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова еңбек қауіпсіздігін сақтау, ұжымдық шарттарда көрсетілген әлеуметтік міндеттердің орындалуына бақылау жүргізу сұрақтарын назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар бірлестік төрағасы жиын соңында Алға, Әйтеке би, Байғанин, Мәртөк, Хромтау аудандарының кәсіподақ төрағаларына және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиевке ҚР Оқу-ағарту министрінің білім беру жүйесіндегі ұзақ жылғы табысты еңбектері үшін Алғыс хатын табыстады.
-
Фотографии
-