ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ
Еңбек күні — еңбекқор жандардың еңбегі мен күш-жігеріне арналып, оларға құрмет көрсететін ерекше мереке.
Бұл күн әрбір еңбек адамының қоғамға қосқан үлесін бағалаудың белгісі. Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Азубаева Камшат Айдаровна осы мерекеге орай қызметіне адал, әрқашан табандылық пен қайраттылық көрсетіп жүрген бірқатар қызметкерді құттықтап, ақшалай сыйлық табыстады. Мектеп әкімшілігі атынан Асель Турсынгалиевна еңбек адамдарын құттықтап, мерекелік кеш мектеп өнерпаздарының концертімен жалғасты.
⠀
Жалпы, мұндай еңбектің арқасында қоғам алға жылжып, әрбір сала дамиды. Сондықтан бұл күн тек марапаттайтын емес, қоғамды еңбексүйгіштікке, адалдыққа және табысқа жетуге шабыттандыратын күн.
Барлық еңбек майданында жүрген жандарға шын жүректен алғыс айтып, дендеріне саулық, абырой мен табыс тілейміз.
К.Азубаева,
Семей қаласының № 10 мектебінің
бастауыш кәсіподақ төрайымы.
-
Фотографии
-