ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР СПОРТ ЖАРЫСЫНДА
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28-29 қыркүйек күндері Ақтау қаласында «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай, Білім басқармасына бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында волейболдан облыстық спартакиада өтті. Жарысқа қала, аудандық білім бөлімдері басшылары мен мектеп директорлары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын Қарақия ауданы білім бөлімі;
ІІ орын Жаңаөзен қаласы білім бөлімі;
ІІІ орын Ақтау қаласы мектеп директорлары командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары және жүлдегер командаға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының» атынан сыйақы және Маңғыстау облысның Білім басқармасы мен Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының медаль, грамота ,кубок, дипломдары табысталды.
-
Фотографии
-