ЖАСТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТА ӨТТІ
Ақтөбе облысының Алға ауданында білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен жас ұстаздар арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Спорттық шара Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының 100 жылдығы мен ұстаздар күніне орай өтті.
Эстафетаның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, жас педагогтер арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту.
Спорттық эстафета бірнеше кезең бойынша өткізіліп, тартысқа толы ойын болды. Эстафета қорытындысына сәйкес жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар мықтылар анықталды. Қатысушы жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Жарыс нәтижесінде орынды №4 Алға орта мектебінің командасы мен орынды № 3 Алға қазақ орта мектебінің командасы жеңіп алса, орынды Алға мектеп-гимназиясының командасы иеленді.
Ал, жарысқа қатысқан В.И. Пацаев атындағы №2 орта мектебінің және №1 Алға мектеп-бақшасының командалары эстафетаға белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жүлделі орындарға ие болған командалар мен қатысушыларға аудандық кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйақылары табысталды.
-
Фотографии
-