КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР
Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай кәсіподақ мүшелері арасындағы тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан облыстық турнирде кәсіподақ мүшелері арасында «Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан облыстық турнир өткізілді.
Шараны өткізудің мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын ұстану мен ұлттық тоғызқұмалақ және шахмат ойындарын насихаттау және спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті жетілдіру.
Турнир – бекітілген Ережеге сәйкес, тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан Орал қалалық және аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдары мен жоғарғы оқу орындары, колледждер, облыстық білім беру мекемелерінен барлығы 18 құрама команда бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізіліп, төрешілер алқасының әділ шешімімен өз мәресіне жетті.
«Тоғызқұмалақ» ойынынан ерлер арасында 1 орынды – Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Әсет Қайыржанов, 2 орынды – Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Матылов Сайлан, 3 орынды – Сырым аудандық комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Үсен Қуаныш иеленсе, ал әйелдер арасында 1 орынды – ҚазИжТЖУ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Абдуллина Дильназ, 2 орынды – Теректі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Аяулым Мағзом, 3 орынды – Қаратөбе аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Назерке Даргалиева иеленді.
Шахмат ойыны бойынша ерлер арасында 1 орынды – Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Виталий Каширин, 2 орынды – Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары құрама командасының мүшесі Бекжанов Оралбек, 3 орынды – Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Медеуов Казбек иеленді. Ал, әйелдер арасында 1 орынды – Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Айжан Ғабидуллина, 2 орынды Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Аида Утеляева, 3 орынды – М.Өтемісов атындағы БҚУ бастауыш кәсіподақ мүшесі Тюрина Татьяна жеңіп алды.
«Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан облыстық турнирдің жабылу салтанатында «Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Марат Даупаев алғы сөз сөйлеп, осы шараға қатысқан барлық құрама командаларға және арнайы шақырылған Батыс Қазақстан облысы кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ ардагерлеріне зор алғысын білдірді.
Сонымен қатар, БҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Айгүл Есекенова, Қазақстан Білім саласының Құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин белгісінің, Парасат орденінің және Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дариға Мұштанова, Ауған соғысының ардагері, Оқу өндіріс комбинатының директоры Мұхтар Есбулатов және М.Өтемісов атындағы БҚУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі - проректор Мерген Сулейменов құттықтау сөз сөйлеп кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті жетілдіру мақсатындағы шараға қатысушыларға алғыс білдіріп, Салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Марапаттау сәтінде жүлделі орындар иеленген кәсіподақ мүшелері және белсенділік танытқан қатысушылар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Осымен, аймақтық және облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан өткен облыстық турнир кәсіподақ мүшелерінің көңіл күйі мен салауатты өмір салтын ұстануға насихаттаушы спорттық шара ретінде дәстүрге айналды.
-
Фотографии
-