ҰСТАЗДАР СПОРТТАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ақтөбенің Мәртөк ауданында мектеп педагогтері шағын футболдан аудандық турнирге қатысып, өздерін спорттық бәсекеде сынап көрді. Спорттық дода ұстаздар күніне орай өтті. Жарысты аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырды.
Спорттық шараның басты мақсаты — ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аудан педагогтерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мұхамбетдин Ордабаев сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды.
Мұғалімдер арасындағы жарысқа 12 команда қатысып, нәтижесінде І орынды Хлебодар жалпы орта білім беретін мектеп командасы жеңіп алды.
№2 мектеп-гимназиясы қатысқан топ ІІ орынды иеленсе, Қосымша білім беру мекемесінің командасы ІІІ орынмен марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.