ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
Жетісу облысында мұғалімдер күніне орай білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұстазым, Сізге мың алғыс!» атты салтанатты қабылдау өтті. Дүбірлі шарада ұстаздық жолында жемісті нәтижелерге жеткен майталман педагогтер облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Алғыс хатымен, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.
Өз кезегінде «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Құлмұханұлы Төлепбергенов салалық кәсіподақтың «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кәсіподақ ардагері», «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін бірқатар ұстаздарға табыс етті.
Салтанатты қабылдау соңында Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің өнерпаздары мен Оқушылар сарайының бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, шара концерттік бағдарламаға ұласты.