АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУ - ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы 1 қазан – «Қарттар күніне» орай ардагер-ұстаздардың басын қосып, «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты салтанатты қабылдау өткізді.
Салтанатты шарада облыстық кәсіподақ төрағасы Мэлс Төлепбергенов ардақты ардагерлерді мерекесімен құттықтап, білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагерлеріміздің игі істері жастарға үлгі-өнеге екенін айтып, ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан Талдықорған қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.
Осындай ігі шаралар барлық аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдар тарапынан ұйымдастырылды. Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымы мол даналық сөз бар. Біз, әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Ардагерлерді құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – біздерге бабадан сіңген қасиет.
Алыптарға алтын бесік болған Жетісу өңірінің өсіп-өркендеуі жолында нағыз еңбектің үлгісін көрсеткен ардагерлерімізге құрметіміз ерекше.
-
Фотографии
-