ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕЛЕНДІ
Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі “Еңбек күні” мерекесі атап өтіледі. Еңбек күніне орай түрлі Темір ауданының білім саласында адал қызметімен еленген қарапайым қызметкерлерге сый-құрмет жасалды.
- Еңбек күні – еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтайтын мереке. Әр салада кәсіби біліктілік танытып, адалдықтың шынайы көрінісін көрсетіп жүрген жандар бар. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, қоғамның дамуына күш салып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Қоғамның барлық салаларында еңбек етіп жүрген азаматтарға тек сәттілік тілеймін, - деді аудандық кәсіподақ төрағасы Н.Сәбенова.
Салтанатты шара барысында аудандық білім қызметкелері кәсіподағының тарапынан қызметін мінсіз орындап, адал еңбегімен абыройға бөленген білім мекемесінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
-
Фотографии
-