ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен 7 қазан — Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін әрекет ету күніне орай «Жұмысшылар бейбітшілік пен демократияға лайық» ұранымен дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ мүшелері атысты.
Дөңгелек үстел отырысында жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қауіпсіздігінің және жұмыс орындарының сақталуы, лайықты еңбек пен лайықты жалақы үшін әлеуметтік әріптестікті дамытудың маңыздылығы, оның ішінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында жасалатын ұжымдық шарт, келісім кеңестері және тағы сол сияқты мәселелер кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
-
Фотографии
-