КҮН ТӘРТІБІНДЕ - ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы «Қызғалдақ» бөбекжайында кәсіподақ мүшелерімен Дүниежүзілік лайықты еңбек ету күніне орай «Қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайлары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында бөбекжай меңгеруші Р.М.Ишаманова әр адамға тұрақты және сапалы жұмыс орнына, әділ және лайықты жалақыға, әлеуметтік қорғаудың жеткілікті деңгейіне, қауіпсіз еңбек жағдайына және олардың құқықтарын еркін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие екендерін атап өтті. Еңбек заңнамасын сақтау өндірістің табысты дамуы, тұрақты еңбек ұжымын құру, адам еңбегіне деген қамқорлық пен көңіл-күйдің көрінісі болып табылады.
Ортақ мақсат – еңбек қатынастарын реттейтін заңнамалық нормаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ету, басшылық пен қызметкерлер арасында диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізу, олардың жауапкершілігін арттыру екендігі айқын.
Дүниежүзілік лайықты еңбек ету күніне арналған іс-шара қорытындысында бөбекжай қызметкерлерлерінің жұмыс жасауларына қолайлы жағдайлар жасалғандығы атап өтілді. Яғни, педагогтардың жұмысы үшін интерактивті тақта, интернет жүйесі, түрлі түсті теледидар, жұмысты жетілдіру үшін жаңа технологиялар, бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген, санитарлық және қауіпсіздік шаралары сақталуда.
-
Фотографии
-