ОРАЛДА ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Орал қалалық комитеті – филиалы төрағасы Төлеген Темешев және бас маман Айнұр Таутенова №45 «Нұрсәт» бөбекжай ұжыммен кездесті. Ұжымда 60 қызметкер жұмыс жасайды.
Кездесу барысында төраға Төлеген Темешев Орал қалалық кәсіподақ комитеті – филиалының жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2024 – 2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлерін атап өтті.
Сонымен қатар, бас маманы Айнұр Таутенова ұжымдағы жеке еңбек дауларының Келісу комиссиясы арқылы реттелуі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін өндірістік кеңестің құрылуы туралы ережелерді түсіндіріп, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымына сәттілік тіледі.
Балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Самал Бекетаева қалалық кәсіподақ ұйымына өз алғысын білдіріп, балабақшада ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің көңіл күйіне ғана емес, жұмыс сапасын арттыруға да себепші болатынын айтты.
Кәсіподақ белсенділері бастауыш кәсіподақ ұйымының алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға сала отырып, кәсіподаққа деген сенімдерін білдірді.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фотографии
-