МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҰСТАЗДАР!
Биыл Салалық кәсіподақтың бастамасымен білім саласы ардагерлері Оқу-ағарту министрлігінің марапатына ұсынылды. Шығыс Қазақстан облысында осындай марапат 500-ге жуық ардагер-ұстазға табысталды. Сала ардагерлері білім саласындағы «Еңбек ардагері» марапаттарымен де еленді.
Сондай-ақ педагогтар білім саласында кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі және көп жылғы еңбегі үшін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының, Қазақстандық Салалық, ШҚО жергілікті кәсіподақтарының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, медальдар және төсбелгілермен марапатталды.
Ардагерлер көп жылғы еңбектері еленгендеріне алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.
-
Фотографии
-