БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 35 АРДАГЕР ҰСТАЗ МАРАПАТТАЛДЫ
Биыл Ақтаудағы Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің оқушылар үшін есігін ашқанына - 35 жыл толып отыр. Білім ордасы ашылғаннан бері, осы жерде зейнеткерлікке шыққан, мектептің дамуына үлкен үлес қосқан ардагер ұстаздар баршылық.
Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы үлкен кемеге ең алғаш отырған ардагер ұстаздарды ұлықтау мақсатында салтанатты шара өтті. Мектептің 35 жылдығына орай 35 ардагер ұстазға Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатты табысталды.
Білім ордасының төріне алып тұлғалы 35 ұстаз қонаққа келді. Әр ұстаз – өзінше бір кітап. Бірі жастық шағын, бірі мектеп деген үлкен кемеге қалай мінгенін, бірі оқушылармен өткен мектептегі қызықты сәттерді әңгімелесе, бірінің көңілі босап, өткен шақты еске түсірді.
Әдемі қартаю бұйырған ардагерлер әлі бәз қалпында. Нықтап сөйлеген сөздері, дауыс мәнері, тіптен тұрыстарына дейін өзгермегені байқалады.
Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ардагер-ұстаздар жылы лебіздерін жеткізіп, барша ұстаздар қауымын құттықтап, сәттілік тілеп, батасын берді.
Осындай шараны ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымына және барлық мектеп ұжымына мың алғыс айтамыз!
Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы
-
Фотографии
-