МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕГІ ЖИНАҚҚА ЕНДІ
4 қазан күні, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай «Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өткізілген жиын Махамбет ауданы «Сарайшық» сапар орталығында ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов және Ресей Федерациясынан, Алматы, Түркістан, Орал, Атырау қалаларынан академик-ғалымдар, археологтар, зерттеушілер, сарайшықтанушылар қатысты.
Үш секцияға бөлінген ғылыми-тәжірибелік конференцияда ортағасырлық Сарайшықтың Тәуелсіз Қазақстан және шетел тарихнамасындағы жетістіктері, Жошы Ұлысының тарихы және оның қазақ тарихымен сабақтастығы туралы ғылыми зерттеулердің жаңа нәтижелері, Қазақстандағы ортағасырлық тарихи-мәдени кешендер, оларды сақтау, қорғау және насихаттау мәселелері талқыланады.
Конференцияның баяндамалар жинағына облыстағы төмендегі мұғалімдеріміздің ғылыми еңбектері енді:
Шығанбаева Мадина – «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі (Атырау қаласы), «Жошы ұлысының құрылу кезеңі, оның саяси жүйесі мен экономикалық жағдайы. Тарихи ізбасарларының рөлі».
Ахтамгалиева Гульдариға – «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі (Атырау қаласы), «Ортағасырлық Сарайшық Тәуелсіз Қазақстан және шетел тарихнамасы призмасындағы зерттеулер».
Аманбаева Жазира – № 22 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі, магистр (Атырау облысы, Жылыой ауданы), «Ортағасырлық тарихи- мәдени кешендерді насихаттау: рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, білімді ұлт тәрбиелеу кепілі».
Риздуанова Аружан – Жалпы білім беретін М.Отаралиев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі (Атырау қаласы), «Алтын орда мемлекетінде қолөнер мен сауданың дамуы».
Калиева Шынар – № 22 жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі (Атырау облысы, Жылыой ауданы), «Сары айшықты Сарайшық: өткені мен келешегі».
Ермекбаев Қобылан – № 22 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі, магистр (Атырау облысы, Жылыой ауданы), «Ұлы даланың шаһары Сарайшық».
Баданова Назира – № 22 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі (Атырау облысы, Жылыой ауданы), «Сарайшық тарихи-мәдени кешенінің қорғалуы мен насихатталуы».
Ғылыми жұмыспен шұғылданған ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі