ЖЕТІСУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 8 қазан күні «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді.
Алқалы жиынды облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, кәсіподақ белсенділерін Салалық кәсіподақтың 100 жылдығы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Күн тәртібінде Кәсіподақтың БАҚ-та, әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмысты сапалы әрі тиімді ұйымдастыруы, аудандық кәсіподақ филиалдардың әлеуметтік әріптестік аясында білім бөлімдерімен атқарған жұмыстары, облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық-шарттық жұмыстарының сапасы сынды өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Республикалық салалық кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуын атап өту бойынша іс-шаралар жоспары пысықталды.
-
Фотографии
-