КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРГЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Еңбек күні, Ұстаздар және Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған «Кәсіподақ - Ұстаз жүрегі, еңбек - тірегі» тақырыбында салтанатты мерекелік шарасын ұйымдастырып өткізді.
Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар орындарына орналасқаннан кейін жүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап кетті.
Құттықтау сөз «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді. Төраға сөзінде ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында белсенді қызметтерімен танымал болған, ардагер ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының ардагер көшбасшылары,қазіргі таңда зейнеткерлер - Ақжанова Дина Жұптұрғанқызы мен Кашиева Ақмоншақ және «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының мұғалімі мен кәсіподақ төрайымы лауазымдарын қоса атқарған Бактиярова Кибат Шайхатқызына гүл дестелері мен сый-сияпаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Лайықты еңбек» жылы және Салалық кәсіподақтың 100 жыл мерейтойы аясында, «Кәсіподақ - Ұстаз жүрегі, еңбек - тірегі» тақырыбында облыстық кәсіподақпен біріккен әлеуметтік іс-шаралардың жүзеге асуына белсенді атсалысып қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының өрістеуіне ықпал етіп жүрген әлеуметтік әріптестер және кәсіподақ көшбасшылары, жас мамандар Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің «Алғысымен», «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламаға ұласты.
Облыстық білім беру мекемелері басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-