ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ СПАРТАКИАДАСЫ
Ағымдағы жылдың қазан айының 8-9 күндері «Ұстаздар күні»мерекесіне орай Ақтау қалалық білім бөлімінің жалпы білім беру ұйымдары арасында ерлер мен қыздар арасында волейболдан қалалық мұғалімдер спартакаиадасы өткізілді.
Спорттық шараның басты мақсаты - ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ынтымақтастық байланыстарын нығайту.
Мұғалімдер арасында өткен жарысқа барлығы 30 команда, 350 кәсіподақ мүшесі қатысып, белсенділіктерін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер командаларынан I орынды №3 жалпы білім беру мектеп командасы, II орын №30 жалпы білім беру мектеп, III орынды №21 жалпы білім беру мектеп командасы жеңіп алды.
Ал, қыздар командасынан - I орынды №19 мектеп-гимназиясы командасы, II орын №29 жалпы білім беру мектеп, III орынды №23 жалпы білім беру мектеп команда мүшелері иеленді.
Жабылу салтанатына Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы 2 күнге созылған жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, жеңімпаздарға сыйлық сертификат табысталды.
Сонымен қатар облыстық сайысқа шығатын жеңімпаз құрама командаларына сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы
-
Фотографии
-