КӘСІПОДАҚ - КҮШІ БІРЛІКТЕ
10 қазан - Кәсіподақтар күні мерекесіне орай және Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының бастауыш филиалдары арасында «Кәсіподақ күші - бірлікте», тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлесін қосып,белсенділік танытып жүрген кәсіподақ мүшелерін марапаттау. Іс-шараға әлеуметтік әріптестер,ардагер кәсіподақ белсенділері мен бастауыш кәсіподақ ұйымның төрағалары қатысты.
Мерекелік шараның шымылдығын Ақтау қалалық кәісподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова ашып, барлық қатысушыларға,оның ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына жұмыстарындағы жетістіктері мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақ кәсіподақ қозғалысын дамыту жолындағы сүбелі үлестерін атай келе, әлеуметтік әріптестік - өнімді жұмыс кепілі екенін жеткізді.
Мерекелік кеш барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Баимбетова да кәсіподақ мүшелерін мерекесімен құттықтап, әріптестерінің қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектеріне жылы лебізін білдірді.
Іс-шараның марапаттау бөлімінде белсенді кәсіподақ мүшелері, ардагер кәсіподақ мүшелері, әлеуметтік әріптестік өкілдері марапатталып, сыйлықтар табысталды.
А.Тажекенова,
Кәсіподақ ардагері.