КҮН ТӘРТІБІНДЕ - ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Ағымдағы жылдың 10 қазанында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» төрағасы Мэлс Төлепбергенов Қаратал аудандық кәсіподақ филиалының Атқару Комитеті отырысына қатысып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты - «Дүниежүзілік лайықты еңбек күні» аясында еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту негіздерін, сондай-ақ, техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері бойынша жұмыстарын талқылау.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Кәсіподақ белсенділері бастауыш кәсіподақ ұйымының алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға сала отырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Жиынның соңында, кәсіподақ белсенділері Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдық мерекесіне орай Құрмет грамоталарымен марапатталды.
-
Фотографии
-