БІЛІМ ОРДАСЫНА - 20 ЖЫЛ
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мекемесінің жиырма жылдық салтанатты шарасына қатысты.
Айтулы шара білім басқармасы өкілдері мен ардагерлер, ұстаздардың қатысуымен өтті.
Жүздесудің бірінші бөлімі меймандарды құрметпен қарсы алумен басталды. Білім ғимаратында аға буын ардагерлер мен ұстаздар сағыныса қауышып, өткен жылдардың естеліктерін ортаға салды.
Басқосуда ұйым басшысы Гүлсім Қаражанова құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды мерейтоймен құттықтады.
Шара барысында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді. “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова қосымша білім беру мекемесінің ұжымын құттықтап, ұстаздарға болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі үлестері үшін алғысын жеткізді.
Салтанатты басқосуда білім және ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін аталған мекеменің екі қызметкері “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек 30-дан астам кәсіподақ мүшесіне облыстық кәсіподақ есебінен ақшалай сертифкаттар, шипажайға жолдамалар мен салалық кәсіподақ Құрмет граомталары табысталды.
Мерекелік шараға қатысқан меймандар ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздарды еңбектеріне жеміс тіледі.
-
Фотографии
-