ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ - ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ
Еңбек күніне арналған іс-шаралар өз жалғасын табуда. Осыған орай Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінде «Еңбек – мерекесі, елдің - берекесі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара колледж директоры У.Т.Оспановтың және кәсіподақ төрасы Л.У.Бекееваның әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген барша еңбек адамдарын мерекемен құттықтау сөзімен басталып, көп жыл еңбек етіп келе жатқан кәсіподақ мүшелерін «Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасының құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен, сыйлық сертификаттарымен және колледж директорының грамоталарымен марапаттады. Колледж студенттері барлық қызметкерлерге ризашылықтарын білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.
Колледжіміздің өркендеуіне сіңірген еңбектеріне табыс, сәттілік, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілей отырып, атқарып жатқан қызметтеріңіздің жемісін көріп, арман-мақсаттарыңыздың орындалуына тілектестігімізді білдіреміз!
Лаура Бекеева,
ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі» КМҚК бастауыш кәсіподақ төрағасы.