
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің кәсіподақ филиалы ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің табиғат аясында атпен серуендеулеріне мүмкіндік жасалды. Университет кәсіподағы «Абай» этно ауылымен қазан айынан келісім шартқа отырып, факультет оқытушылары мен құрылымдық бөлім қызметкерлерінің әр демалысы тиімді өтуін қамтамасыз етуде.
Басты мақсат – кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту, демалыстарын тиімді ұйымдастыру.
Жалпы ғалымдар атпен серуендеуді күйзеліс пен стресстен арылудың бір тәсілі дейді. Атқа міну стресс пен шаршауды жеңілдетуге, күнделікті уайым мен мәселелерді уақытша ұмытуға, денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді, физикалық белсенділікті арттырады. Атқа міну кезінде дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді. Жүйке жүйесінің жұмысы, тыныс алу, ас қорыту, қан айналымы жақсарады.
Кәсіподақ мүшелерінің табиғат аясында атпен серуендері әр апта сайын жалғасып отырады.
-
Фотографии
-