МАҚАТТА КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
«Күш – білімде, білім – кітапта», – деген сөз тегін айтылмаса керек. Білімнің шырқау биігіне шығар жолда кітапты арқау еткен барша жастарға кітапханашылардың берер көмегі ұшан-теңіз. Сондықтан оларға құрмет, қолдау әрқашанда тұрақты болмақ.
Атаулы мерекеге орай, Мақат ауданындағы С.Санбаев атындағы орта мектепте білім беру мекеме жанындағы барша осы мамандық иелерінің басын құраған «Кітапханашы – парасатты жанға лайықты мамандық» атты салтанатты жиналыс өтті. Жиналысқа қатысқан кітапханашыларды «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанболат Көкембаев, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Мақат аудандық комитеті» филиалының төрағасы Ерболат Құлтаев құттықтап сөз сөйлеп, кітапханашылардың еңбегіне жоғары баға берді, ұжым атынан Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
Жиналғандардың атынан осы салада ұзақ жыл еңбек еткен С.Санбаев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі, еңбек ардагер Қама Жұмабаева сөз алып өз ризашылдығын білдірді.
Салтанатты жиналыс соңы мектеп көркем өнепаздарының мерекелік концертіне ұласты.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фотографии
-