ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕМАЛЫСЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы күзгі демалыста білім саласында еселі еңбек еткен аудан ұстаздарын сауықтыру орталықтарымен қамтамасыз етті. Бұл саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұстаздарға көрсетілген үлкен құрмет болатын. Басты мақсат - сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, демалысын тиімді ұйымдастыру және шипажай орындарымен таныстыру. Аталған ауданының 30-ға жуық кәсіподақ мүшесі Сарыағаш өңіріндегі “Айсары” және “Айшабибі” емдеу-сауықтыру орталығында демалып, ем қабылдауда.
Санаторийдің негізгі емдеу тәсілі-минералды су болып табылады. Шипалы су созылмалы асқазан-ішек ауруларының алдын алып, емдейді. Сондай-ақ, өт жолдары, созылмалы бауыр аурулары, сусамыр, созылмалы колит, энтероколит, дисбактериоз сияқты бірнеше дертке дауа.
Кәсіподақ мүшелері: “Күзгі каникул кезінде керемет жерде тынығып, денсаулығымызды нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз. Педагог мәртебесінің көтеріліп, мерейінің өскенін, міне, айқын сезіндік”,- деген жылы лебізін жеткізді.
-
Фотографии
-