БЕЛСЕНДІ БЕЛДЕСУ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы» республикалық турнирінің қорытындысы бойынша, белсенді қатысқан Шығыс Қазақстан облысы «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ, жаттықтырушы Елдар Дәуітқанов пен «Самар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Ж.Аймаутов атындағы негізгі мектеп» КММ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сержан Исанов Салалық кәсіподақтың Алғыс хаты мен 50 мың теңгелік сертификатты иеленді.
Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгуль Касенова «Көктем» шипажайына сертификат табыстап, жас ұстаздардың республикалық деңгейінді көрсетіп жатқан белсенділіктері жаңа жетістіктерге шабыттандырады деп, тілек білдірді.
Ең бастысы жеңіс емес, қатысу екенін есте ұстаған жөн. Қатысу - бұл біздің жеке басымызды қалыптастыратын және жаңа көкжиектерді ашатын құнды тәжірибе.