КЕЛІСУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚАУҚАРЫ ҚАНДАЙ?
Павлодар облысының Ақтоғай ауданының білім беру мекемелерінің Келісу комиссияларының мүшелері үшін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ оқыту семинарын өткізді.
Келісу комиссияларының және жалпы кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен орнын түсіндіре отырып, семинарды «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Жаркенова бастады.
Гүлшат Оралқызы өз сөзінде кәсіподақ ұйымдарында құрылған Келісу комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайын оқытудан өтуге міндетті екенін атап өтті.
Келісу комиссиясының дәлелді шешімін қалай рәсімдеуге болады?
Спикер, біріншіден, шешімнің дәлелді болуы, жазбаша нысанда баяндалуы және келісу комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қоюы тиіс екеніне назар аударды. Екіншіден, шешімнің дәлелді бөлігінде келісу комиссиясы белгілеген істің мән-жайлары; келісу комиссиясы қандай да бір дәлелдемелерді қабылдамайтын дәлелдер; келісу комиссиясы басшылыққа алған заңдар (ҚР АІЖК 226-бабының 5-тармағына ұқсас) қысқаша көрсетілетінін еске салды.
Семинар соңында келісу комиссияларының мүшелері еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен заңды негізде реттеуге құқық беретін сертификаттар алды.
Семинар жұмысына жұмыс берушілер мен қызметкерлерден барлығы 112 өкіл қатысты.
-
Фотографии
-