«КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫН» БАПТАҒАН БАПКЕР
Салалық кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен қазақ куресінен «Кәсіподақ Барысы» республикалық турнирінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымының атынан Целиноград ауданының ұстаздары, кәсіподақ мүшелері, Қоянды ауылының №2 ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, салмағы 110кг, қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, ҚР чемпионатының жулдегері, ҚР кубогінің жеңімпазы, Астана барысы 2023 - 2024 ж. чемпионы Айсағалиев Нұрдаулет Нұрболұлы мен Қоянды ауылы №1 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі салмағы 87 кг, белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақша күрестен Ақмола облысы спартакиадасының чемпионы , 2017 - 2018 жылдардағы Ақмола барысы жүлдегері, 2020 жылғы Ақмола барысы жүлдегері, 2022 жылы күрестен Ақмола облысы чемпионы, Целиноград барысы атанған Ербол Нұрланұлы қатысты.
Бұл балуандардың бапкері Нұрбол Сұлтан Целиноград ауданы Қарөткел ауылы ІТ лицейінің дене шынықтыру мұғалімі, қазақша күрестен ардагерлер арасында облыстық, аудандық турнирлерінің жулдегері, 2022 ж. «Қараөткел барысы» жеңімпазы, 2023ж. -Халықаралық дәрежеде күрестен бапкер атағынын иегері.
Бірнеше қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, 90 кг жоғары дәрежелі салмақта "Кәсіподақ барысы" белдігін қанжығасына байлаған Қоянды ауылының №2 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айсағалиев Нұрдаулет Нұрболұлын құттықтаймыз!
Ақмола облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы.
-
Фотографии
-