ШАЛҚАРЛЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕМАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Білім саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау үнемі кәсіподақ назарында. Бала бағбаны атанған ұстаздардың әлеуметтік мәселелерін шешу күн тәртібінен түспейді. Мұғалім еңбегін бағалап, оларды жан-жақты көтермелеу – негізгі бағыт.
Мұндай мүмкіндік Шалқар ауданының педагогтеріне де жасалып отыр. 60-тан астам кәсіподақ мүшесі күзгі демалысты «Айсары», «Мерке», «Шипагер» шипажайларында өткізді.
Емдеу-сауықтыру шараларынан білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін әдіскерлер, кітапханашылар, қосымша білім беру педагогтері, тәрибиешілер, кіші қызметкерлер де тыс қалмады.
Айта кетейік, шипажайларға барған демалушылар үшін диеталық тағамды қосқанда бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Сонымен қатар, шипажайда физиотерапия, фитотерапия, емдік массаж, пант және селен ванналары және тағы да басқа қызметтер бар. Демалыс орындарында кәсіподақ мүшелерінің бос уақытының пайдалы, әрі көңілді өтуіне ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар Шалқар ауданының 30-дан астам кәсіподақ мүшесі көне шаһарлардың бірі Түркістан қаласына сапар шегіп, киелі өлкенің кереметтерін көріп келді.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фотографии
-