СЕМЕЙДЕ МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Абай облысы, Семей қаласы, № 21 жалпы білім беретін орта мектебінің және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бастамасымен «Спорт - біздің серігіміз!» атты мұғалімдер арасындағы кіші футболдан облыстық жарыс өткізілді.
Шара осы мектеп басшылығының ұйымдастыруымен қатарынан үшінші жыл өткізіліп отыр. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен командалар келді. Атап өтсек, Ақсуат, Көкпекті, Абай, Жарма, Аягөз, Жаңасемей аудандары және қала мектептері бақ сынады.
Бұл сайыстың мақсаты – шағын футболды халықтық спорт түрі есебінде кеңінен тарату және дамыту, қатысушылардың достық, мәдени қарым-қатынастарын, біліктілік деңгейін арттыру.
Семей қаласының кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Мұсабеков және № 21 жалпы білім беретін мектебінің директоры Ш.Рахымжанов һ сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды.
Жарыс бар жерде табыс, бәсеке бар жерде береке болатыны белгілі. Жарысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан жиналған 25 команда қатысып, тартысқа толы ойын көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша, І орын Семей қаласы, № 32 мектебі, ІІ орын Семей қаласы, № 21 мектебі, ІІI орынды Семей қаласы, № 49 мектебі иеленді.
Жеңімпаз командалар және ойыншылар облыстық, қалалық кәсіподақ ұйымының қолдауымен арнайы жүлделермен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс өте жоғары деңгейде өткізілді.
Семей қалалық ұйымы
-
Фотографии
-