ҰСТАЗ БОЛУ –АДАМНЫҢ АСЫЛДЫҒЫ
Ұстаз – адам өмірінде ерекше орын алатын, әрбір жанның жүрегінде өшпес із қалдыратын ұлы тұлға.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі Жанар Қаманқызы Боранбаеваның шығармашылық қызметін осылай белгілеуге болады.
Жанар Қаманқызының кәсібилігі, мектепке адалдығы мен балаларды оқытуға деген сүйіспеншілігі әр оқушыны жаңа білім іздеуге шабыттандырып, одан да жақсы болуға көмектесуде. Оның пікірінше, ұстаз - ол жай ғана мамандық емес, бұл кәсіп.
Ол сабағында күрделі нәрселерді қарапайым және қол жетімді тілде түсіндіріп, сонымен қатар сабақтарды интерактивті ету үшін қызықты әдістерді қолданады. Оның сабақтарының арқасында оқушылар айналамыздағы әлемді және ондағы рөлімізді жақсы түсінуде.
Жанар Қаманқызы - дана, мейірімді, сүйікті ұстаз ғана емес, сонымен қатар шәкірттерін тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және жеке тұлға ретінде дамытуды іске асырушы.