КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕ БОЛУ - ҮЛКЕН МҮМКІНДІК
Кәсіподақ өз қызметі шеңберінде еңбек қатынастары, кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайлары және әлеуметтік кепілдіктер сияқты өзекті мәселелерді талқылайтын кеңестер, оқыту семинарлар мен кездесулер ұйымдастырады. Кәсіподақ өкілдері педагогтардың өтініштерін тыңдауға, еңбек жанжалдарын шешіп, қолдау көрсетіп, қажетті құжаттарды ресімдеуде көмектесуге дайын.
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподағының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман И.Соколов, ШҚО білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Марсеков атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ өкілдерімен жоғарыда аталғандай кеңес өткізді.
Кездесуде бірқатар мәселелер қаралды, толығырақ зейнеткерлік жасқа толған педагог қызметкерлермен еңбек қатынастарын реттеу бойынша сұраққа тоқталды. Қатысушылар ұсыныстарды белсенді талқылап, өз пікірлерін білдірді. Талқылау жарқын пікірталасқа ұласты. Оның барысында мәселелерді кәсіподақпен тұрақты негізде шешу қажет екенің белгіледі және осындай пікір алмасу, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік беретінің деген шешімге келді.
Қазіргі жағдайда, заңнамадағы өзгерістер білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін болған кезде, кәсіподақ белсенділігінің маңызы ерекше өзекті болуда.
Кәсіподақ мүшелерінің кәсіби мүдделеріне қамқорлық жасау ол жай ғана міндет емес, білім беру ортасын жайлы және нәтижелі құруға ықпал ететін маңызды миссияға айналды.