МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Демесинов Раздольное ауылының «М.Жұмабаев атындағы негізгі мектебі» КММ ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Самаркан Демесинов кәсіподақ қызметінің кепілдіктері, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Ұжымдық шартты орындау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері талқыланды.
Шара сындарлы диалог форматында өтті. Кездесу соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
-
Фотографии
-