«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев Президент Жарлығымен «Қазақстанның еңбек ері» атағын иеленген Орал қалалық А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Асқарқызы Траисовамен кездесіп, мемлекеттік марапатымен құттықтады.
Бұл құрмет –оқыту мен тәрбиелеуде еліміздің игілігіне және ұстаздарымыздың адал еңбегінің мемлекет тарапанынан лайықты бағаланғанын, педагогтердің мәртебесінің биіктігін көрсетеді.
Эльмара Асқарқызы тәжірибесі мол ұстаз және кәсіподақ қозғалысының дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келе жатырған мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Кәсіподақ – өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жетістіктерге жетелегенәрбір ұстаз еңбегін бағалап, үнемі қолдау көрсетеді.
Кездесу барысында Эльмара Асқарқызы бұл марапатқа ие болуға ықпал еткен «Педагог мәртебесі туралы» заңыныңрөлі зор және мұғалімнің өз жетістіктері мен шәкірттер жетістігінің нәтижесі екенін атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан әрқашан қолдау білідіріп отыратын төраға Марат Даупаевқа алғысын білдірді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы көпке үлгі – өнеге болған батыс өңірінде атаулы марапатты алғаш иеленген ұстазға шығармашылық табыс пен жетістіктер тілеп, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыс етті.