
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының маманы Айжарық Серімбетов Қобда ауданына жұмыс сапары барысында Қобыланды батыр атындағы орта мектепте және “Нұрлы болашақ” балабақшасында болды.
Жұмыс сапары барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті. Сондай-ақ, аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен жалпы орта білім беретін білім мекемесінің басшыларымен жолығып, әлеуметтік әріптестік туралы келісімде көрсетілген міндеттемелерді талқылады.
-
Фотографии
-