КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 14-15 қараша күндері Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы «Кәсіподақ жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Семинарға аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары мен мамандары қатысып, кәсіподақ комитеттерінің қызметін жетілдіру, кәсіподақтың құқықтық қызметінің негізгі бағыттары, еңбек ұжымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар барысында ұсынылған материалдар әріптестерімізге олардың практикалық қызметінде көмектеседі деп сенеміз.
-
Фотографии
-