«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАЛДЫ
Достық үйінде «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің аспаптық және пәндік сауаттылықты дамыту саласындағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату.
Бұл байқау әрбір қазақстандық педагогқа: мектепке дейінгі білім беру педагогынан бастап ЖОО оқытушысына дейін, кешегі түлектерге және білім берудің еңбек сіңірген қызметкеріне - қарапайым мұғалімдерге, бірақ ерекше адамдарға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
Аталған іс-шараға білім беру кәсіподағының қатысуы мынадай мақсаттарды көздейді: шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ынталандыру, корпоративтік мәдениетті дамыту, шығармашылық жұмыс істейтін педагогтарды қолдау және көтермелеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру.
Іс-шараға қатысушыларды құттықтап, жүлдегерлерге сыйлықтар тапсыра отырып, Солтүстік Қазақстан облысы білім, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыру жұмысы жөніндегі облыстық комитетінің бас маманы
Ж.Ж. Базарбаев, кәсіподақ өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісінде неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге саланың кәсіподақ мүшелеріне әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Айта кету керек, байқаудың 114 жүлдегері түрлі номинациялар бойынша, 92 педагог кәсіподақ мүшелері болып табылады.
Республикалық кезеңге үздік нәтижелер көрсеткен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Бүгінгі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді өз номинацияларындағы үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары - педагогтарға республикалық деңгейде сәттілік және жеңіс тілейміз.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы