ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚША QUIZ
Ағымдағы жылдың 15 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері арасында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебеп ғылыми кітапханада QUIZ интеллектуалды ойыны өтті.
Аталған шараға білім, медицина, мәдениет, электр желілік компания қызметкерлері кәсіподағының жастарынан құралған командалар бақ сынады. Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызмектерлері кәсіподағы атынан облыстық Жастар ісі жөніндегі Кеңестің төрағасы Салтанат Бимағамбетова команда жасақтады.
Кәсіподақтың әр саласы бойынша 5 құрама команда қатысып, 7 турдан тұратын ойынға Үміткер Орынғалиев (Теректі аудандық Жастар комитетінің төрағасы), Қоблан Мирас (М. Өтемісов атындағы БҚУ), Ақтоты Айжарикова (Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті), Бикитеева Кунслу (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі), Ұлболсын Молдагалиева (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернат кешені), Жазира Жасанова (Орал қалалық №1 ЖОББМ) қатысты.
Тартысты ойын нәтижесінде облыстық білім кәсіподағының «Өзімізғой» командасы II орынды иеленіп, Үміткер Орынғалиев «Үздік ойыншы» атанды.
-
Фотографии
-