«ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында 2024 жылдың 26 қараша күні Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы №7 бөбекжай-бақшасында - «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы «Зорлық зомблыққа жол жоқ!» атты іс-шара өткізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты: тұрмыстық зорлық - зомбылық туралы профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Отырысты Талдықорған қалалық филиалының төрайымы - Айым Ерікқызы ашып, қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, зорлық зомбылыққа жол бермеуіміз керек екендігін айтты.
«№7 бөбекжай - бақшасы» МКҚК-ның меңгерушісі, «Әйелдер қанаты» жобасының төраға орынбасары - Тулымшакова Гульниса Досановна сөз алып- біздің педагог ретінде басты мақсатымыз: өскелең ұрпақты тәрбиелеп, зорлық зомбылықтан алшақтатып, үлкендерді, нәзік жандарды сыйлау мәдениетін қалыптастыруға және әйел адамдарға зиян әкелетін іс-әрекеттерге жол бермеуге шақырды. Іс-шараға бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері мен мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері қатысып, өз ойларын, пікірлерін білдірді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-