АУДАНДЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР
Солтүстік Қазақстан облыстық бiлiм, ғылым және жоғары бiлiм қызметкерлерiнiң кәсiподақ комитетi Атқару комитетiнiң кезектi жоспарлы отырысына әдiстемелiк, практикалық көмек көрсету және материал дайындау мақсатында, 25-27 қараша аралығында төрағаның орынбасары Т.М. Смолина, ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс жөнiндегi бас маман Ж.Ж. Базарбаев, облыстық комитеттiң бас бухгалтерi Г.А. Мурзағазинова Айыртау ауданы мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды.
Жоспарға сәйкес, Айыртау ауданында Саумакөл № 2 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, аудандық білім бөлімінің БПҰ болды. Әлеуметтік әріптеспен кездесу барысында аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.В. Недоросткова өзара ынтымақтастық мәселелерін - әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің тармақтарын орындау, ауданның білім беру ұйымының ұжымдық шарттарын орындау мәселелерін талқылады.
Қабылдаған әріптестердің міндеттемелерін орындауы ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай туғызатынын атап өтті.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіподақ комитетінің жұмысымен танысып, қызмет бағыттары бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Жұмыс сапары аясында Неженка орта мектебінде мектеп әкімшілігімен және кәсіптік активпен кездесіп, БПҰ-ға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Әлеуметтік әріптес тарапында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық білім беру бөлімінің басшысы Э.М.Қарабаевамен кездесу кезінде әлеуметтік партнерлік пункттерін орындалуы, бұл ауданның кәсіподақ мүшелерінің жұмысына өте пайдалы әсер етеді деп аталыды. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Облыстық комитеттің бас есепшісі аудандық кәсіподақ комитеттері жұмысының қаржы-шаруашылық қызметімен танысып, қаржылық құжаттаманы енгізуге консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті, тиісті ұсынымдар берді.
Сапардың нәтижелері жергілікті жерлердегі кәсіподақ қызметі кәсіподақ Жарғысына және нормативтік-құқықтық кәсіподақ құжаттарына сәйкес жүргізілетінін көрсетті.
-
Фотографии
-