«ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ»
28 қараша күні дәл осындай тақырыппен NIS «Педагогикалық шеберлік орталығы» Атырау қаласы филиалы мен облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназиясында ІІІ өңірлік форум өткізді.
Форум жаңа буын мұғалімдерінің кәсіби дамуы мен мектептерде цифрлық білім беру ортасын құруға қарқынды бағыт алу үшін зор мүмкіндіктерге басымдық беру үшін құрылған «Жас ұстаздар» клуб жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға облыстағы білім беру мекемелерінде жұмыс жасап жүрген 112 жас ұстаз қатысты. Форумның ашылу салтанатында оларды «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Наурызбек Есбосынов құттықтап сөз сөйледі.
Биылғы тамыз айында ІІІ республикалық Жас ұстаздардың форумына қатысушылар Атырау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің математика пән мұғалімі Мадина Еркінова, Құрманғазы ауданының Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мақсат Қайырбеков, Жылыой ауданындағы № 16 О.Жазықбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлдана Ертүгел және І республикалық Жас ұстаздар форумына қатысушы Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аружан Қамзина және басқалар тақырыптық баяндамалар жасап, көңілді-ойлы шаралар ұйымдастырды.
Форумға қатысқан жас ұстаздар тарапынан өз мамандықтарына деген сүйіспеншілікті, қазіргі заманғы жаңа технологияларды кеңінен пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдану секілді ұнамды ұмтылыстардың болғаны қатты қуантты.
ІІІ республикалық Жас ұстаздардың форумына қатысқан 8 мұғалімге «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі демеушілік көрсетті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фотографии
-