«ЗОРЛЫҚ -ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен 29 қараша күні «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық акциясы аясында «Зорлық -зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға төраға Марат Даупаев, арнайы шақырылған қонақтар мен кәсіподақтың аудандық Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері, облыстық Жастар ісі жөніндегі Кеңес мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес төраға Марат Даупаев алғы сөз сөйлеп, зорлық – зомбылыққа немқұрайлы қарамауға шақырды.
Модератор - Еңбекші әйелдер істері жөніндегі БҚО оқу – ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы комиссиясының төрайымы Гүлбарам Жалекенова арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып, М.Өтемісов атындағы БҚУ «Заң» кафедрасының аға оқытушысы «Бизнес және менеджмент» магистрі Усенко Мария, Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, Теректі аудандық полиция майоры Салтанат Байбулатова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық кұрбандарына арналған дағдарыс орталығының психологы Асем Закарияқызы, Республикалық жоғары техникалық колледжінің директоры Аида Маратова, Бөрлі аудандық Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия төрайымы Лиза Какимгалиева өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, зорлық -зомбылықтың алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік құзырлы органдардың мамандарына сұрақтарын қойып, өзара пікірлесті.
Шараны қорындылаған облыстық кәсіподақтың Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының үйлестірушісі Марина Темірғалиева барша қатысушыларды заң және қоғам болып зорлық-зомбылықты тоқтатуға әрекет етуге шақырды.
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-