НАУҚАН АЯСЫНДА
25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық- зомбылықсыз 16 күн» халықаралық науқан аясында 2024 жылдың 3 желтоқсан күні «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Текелі қалалық филиалының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның хатшысы Ж.Жұмабаева шара өткізді.
Шараның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы, олардың өмірін қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Әйелдер мен қыздарға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Мұндай жағдайлар батыл әрі нақты әрекеттерді талап етеді. Шара барысында мектеп қызметкерлері сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Осы күндері біз барлығыңызды зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамауға, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шақырамыз.
-
Фотографии
-