ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН
Елімізде 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Республикалық науқанға Ақтөбенің Алға, Хромтау, Қарғалы ауданының білім қызметкерлері кәсіподағының белсенділері үн қосты.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Республикалық науқанға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу себептері мен өзекті мәселелерді талқылады. Нәзікжандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, құқықтық сауаттылықты арттыру орайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу де осы акция аясында қарастырылды.
Айта кетейік, акция аясында аталған аудандарда тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында басқа да іс-шаралар өтті.
-
Фотографии
-