
НАУҚАН АЯСЫНДА ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдарымен бірлесіп, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бағытында кең көлемде шаралар ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жанынан құрылған Еңбекші әйелдер Кеңесі «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға әр ауданнан келген әйелдер кеңесінің төрайымдары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік әділеттілік және оның кез келген көрінісінде зорлық-зомбылыққа жол бермеудің маңыздылығы туралы терең ойларға бой алдырды.
Жиынға қатысушылар отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдер қайда бару керектігін білмейді немесе олар дау одан әрі ушығып кетеді деп қорқады, осыған байланысты осындай мәселелерді түсіндіру бойынша кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу қажет деген ұсыныстарын жеткізді.
2024 жылдың 06 желтоқсанында Жетісу өңірінің іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Әйел – қоғам тірегі» атты форумына облыстық кәсіподақтың бас маманы Алуа Кабдулова қатысып, қоғамда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігіне қолдау таныту, отбасы құндылықтарын насихаттау әрі отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу сынды өзекті мәселелердің талқылауында белсенділік танытты.
Барлық аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдар «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында белсенді түрде іс-шаралар өткізді. «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлескен «Ана мен баланың құқығын қорғау» тақырыбында ашық есік күндерін өткізіп, әр түрлі әлеуметтік мәртебе ие отбасыларының аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
-
Фотографии
-