ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ШҚО Кәсіподақ Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жергілікті кәсіподақ ұйымынан, ұйымдастыру жұмысы бойынша маманы Анар Қонакбаева қатысты.
Аталған шарада, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының 2024 жылдың қызметі туралы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Темірбек Қасымжанов хабарлады. Өз сөзінде, 2024-2026 жылдарға арналған Келісім бекітілгенің, кәсіподақ орталығының Заң клиникасының жұмысы туралы, жыл көлемінде 66 өтініштер қаралғаны, ұйымдастырылған семинарларға 576 кәсіподақ мүшелері қатысып, әр түрлі кездесулерге 1112 адам қамтылғаның атап өтті. Отырысты қорытындылай келе «2025 жыл - Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғанға байланысты, кәсіподақтардың алдындағы бір қатар міндеттерді атап өтті: жұмысшы мамадықтарының мәртебесін көтеруге ықпал ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесін ар қарайда бақылауда ұстау, жұмысшы мамандықтарын ақпараттық науқан арқылы насихаттау және т.б.
Отырыс соңында үздік кәсіподақ көшбасшыларына құрмет көрсетіп, марапаттау рәсімін өткізді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен Риддер қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Татьяна Кострова марапатталды және Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар Кеңесі ұйымдастырған «Үздік әлеуметтік серіктес – 2024» республикалық сайысына белсенді қатысқаны үшін ШҚО білім басқармасының «Риддер қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мен Риддер қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына алғыс хат тапсырылды.
-
Фотографии
-