МАРАПАТ ПЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің маманы Айжарық Серімбетов Қобда ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында аудандық өнер мектебінің елу жылдық шарасына қатысты.
Айтулы шара мәдениет пен білім саласы өкілдерінің қатысуымен өтті. Шараға жиналғандар өткен жылдардың естеліктерін ортаға салды.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің маманы Айжарық Серімбетов облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікованың құттықтауын жеткізіп, кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады. Мұнда Өнер мектебінің домбыра класының мұғалімі Ұлболсын Оразова мен мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Сағадат Мұхамбетоваға облыстық кәсіподақ есебінен шипажайға жолдама сертификаты мен құрмет грамотасы табысталды.
Мерекелік шараға қатысқан қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, мекеме қызметкерлерінің еңбектеріне жеміс тіледі.
Мерекелік шарадан соң кәсіподақ өкілі аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымында, білім бөлімінде, И.Тайманов атындағы гимназияда, Қобда ауданындағы педагогикалық психологиялық түзеу кабинетінде, “Нұр” балабақшасында болды.
Аталған мекемелердегі еңбек кітапшаларының жүргізілуі мен еңбек шарттарының, ұжымдық шарттарының орындалуына жіті назар аударып, әдістемелік көмек көрсетті.
-
Фотографии
-