
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
12 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Пленум отырысы өтті. Пленум жұмысына шақырумен Пленум мүшелері қатысты.
Білім саласының облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев Пленум отырысын «ашық» деп жариялап, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымындағы 2024 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады.
Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚУ бастауыш кәсіподақ ұйымындағы атқарылған жұмыстар туралы, Сырым аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстары туралы, Орал қалалық және Бәйтерек аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының мүшелік базасын нығайту, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құрамы бойынша маңызды өзгерістер туралы ақпараты тыңдалды.
Пленум мүшелері жарыссөз жүргізіп, көтерілген сұрақтарды талқылап, өз пікірлерін білдірді. Пленум күн тәртібі бойынша қаулылар алынып, кәсіподақтың Филиалдары мен бастауыш ұйымдарында кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын, кәсіби және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін білдіру және қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жүктелді.
Жыл қорытындысы бойынша белсенді кәсіподақ мүшелері «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төс белгісімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының «Құрмет грамотасымен», Орталық комитеттің «Құрмет грамотасымен» марапатталып, сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Батыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-