
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері арасында теннис және дойбы ойындарынан жарыс өтті. Жарыс Амангелді орта мектебі базасында өтіп, 8 команда қатысты.
Ауданда кәсіподақ мүшелері арасында өзге де спорт түрлерінен жарыстар жиі өткізіледі. Өз кезегінде сайыстардың жиі өтетіне қызметкерлер қауымы дән риза. Тартысты сайыста кәсіподақ қызметкерлері өз білім беру ұйымдарының намысын қолдан жібермеуге тырысты. Аталған ойынның үздіктері анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша теннис ойынан ерлер арасында 1-орынды Естай Түркестанов (Мариногорка орта мектебі), 2-орынды Қайрат Барбосынов (Амангелді орта мектебі), 3-орынды Мектеп - бөбекжай-балабақша кешені ұжымының намысын қорғаған Жанұзақ Серікбол иеленген. Ал, әйелдер арасында 1-орынды Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінен қанжылаған Жансая Каныкешова, 2-орынды Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені атынан қатысқан Ажар Абдрахманова, 3-орынды Амангелді орта мектебінен Еркежан Камалитденова иеленді.
Теннистен үздік шыққан ұстаздар дойбыдан да осал болмай шыққан. Дойбыдан 1-орын Дана Баубатаева (Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі), 2-орын Ажар Абдрахманова (Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені), 3-орынды Гүлнұр Күмісбаева (Ж. Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі) иеленді. Ерлер арасында дойбыдан Амангелді орта мектебі алдына жан салмаған. 1-орын Қайрат Барбосынов (Амангелді орта мектебі), 2-орын Айбар Рамазанов (Амангелді орта мектебі), 3-орын Серікболсын Ниязханов (Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі) иеленіп отыр.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, сыйлықтар табысталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
-
Фотографии
-