
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кезекті Атқару Комитетінің отырысын өткізді. Оған комитет мүшелері, аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары қатысты.
Алқалы жиынды облыстық ұйымның төрағасы Т.Баймбетова жүргізіп, күн тәртібінде облыстың кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мүшелік ұйымдардың 2024 жылғы жұмысының қорытындысы туралы, Маңғыстау облыстық ұйымының 2025 жылға арналған жобалық жұмыс жоспарын талқылау туралы, облыстық кәсіподақтағы Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия жұмысын жандандыру туралы жұмыстар талқыланып, ағымдағы өзекті мәселелер қаралды.
Атқару комитеті облыстық кәсіподақтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, талқылай отырып бекітті. Алдағы жылға арналған кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.
Отырыстың күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-